ВИДЕО: ЖӘНІБЕК ҚАЛАЙ ЖАТТЫҒАДЫ?

1617
0
Бөлісу:

Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің, Азия ойындарының, Әлем біріншілігінің чемпионы, «Астана арландары» құрамында екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де жеңген, кәсіпқой бокстағы 2 жұдырықтасуының екеуінде де жеңген талантты боксшы Жәнібек Әлімханұлын білмейтін жан кем де кем шығар?! Жақында Жәнібектің PR менеджер қызметіне белгілі блогер, бұған дейін Қанат Исламның PR менеджері болған Берік Сұлтан келді.

Бүгін Берік Сұлтан өзінің Фейсбуктағы парақшасында Жәнібектің қалай фотосессия жасағаны жайлы видеоны бөлісті. «Бір құпияны ашайын. Өткенде Жәнібек Әлімханұлының фотосына (суретте) осындағы (әлеуметтік желідегі) көп адам «сынды» ғой. Сол қалай жасалғанын көрсетейін. Престі шығару тәсілі осылай болады. Бірақ бұл тәсіл қарны барларға жарамайды, әуре болмаңыздар» деді ол әзілдеп.

 

Ал оның алдындағы бір жазбасында Берік Сұлтан: «2-3 жылда Головкиннің де, Қанат Исламның да кәсіпқой бокстағы мансабы аяқталады. Әрине, сәтті әрі табысты аяқталарына сенімдімін және де тілеулеспін. Қазақ даласынан екеуінің орнын басатын, аты мен даңқы жағынан асып түсуге қауқары жететін, рингтегі стилімен көрермен және жарнама тарта алатын, әлемдік бокс жұлдызы болып, бірнеше салмақта әлем чемпионы белбеуін алатын панчер Жәнібек Әлімханұлы болады, бұйыртса.

Барлық жағынан жарап тұр. Боксты түсінетіндер мұны жақсы біледі. Қазірдің өзінде Жәнібекке деген қызығушылық өте жоғары. Әртүрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Бұйыртса жақсы менеджер мен мықты промоутермен келісімшарт жасалса, алдағы 5 жылда нәтиже де көрінеді. Оған сенімдімін. Сәттілік, батыр!» деп жазған болатын.

Біз де Жәнібектің бокстағы биік белестерді бағындырып, Қазақтың көк байрағын биікте желбіретеріне сенімдіміз. «Бабы мен бағы келіссін, сәттілік серік болсын!» деп тілейміз!

Әбу НАЗАР

Бөлісу:

Пікір жазу


*