Оның қазасы жайлы қаралы хабарды жақыны Әлібек Серғалиев жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қайтейін, бауырым?! Бәріміздің қабырғамыз қайысып жатыр. Кеше ғана «елдің батасын алайық» деп маған келіп едің…
Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана, Әлеке былай істесек қалай болады? – деп жүрген інім еді ғой….
Бүгін осындай хабар келді! Алла қасиетті жұма күні, Рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің… Қош, бауырым!», – деді ол.
Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл тасжолының 31-шақырымында болған. «Газель» мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.