Қазақтың бард әнші, марқұм Табылды Досымов мінген "Волга" көлігі реставрацияланады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов Facebook парақшасында хабарлады.
"Биыл қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген "Волга" автокөлігі реставрациядан өтетін болады. Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге қолға алдық. Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз", – деп жазды Дарын Шамұратов Facebook парақшасында.
Табылды Досымовтың "Ұнатамын мен сені", "Биіктік", "Сәйгүлік" әндері жиі орындалады. Марқұм 45 жасында өмірден өтті.