Мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілген.
Ақмола облысында мектеп әкімшілігі шатыр жөндеуге 78 миллион теңге жұмсамақ болған
1,482
оқылды

Ақмола облысында прокуратура өкілдері 78 млн теңге сомасындағы мемлекет қаржысының заңсыз жұмсалуының алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, қаладағы білім беру мекемесі 78 млн теңге сомасына бюджет қаражаты есебінен шатыр жөндеуді жоспарлаған.

Алайда прокуратура мектеп бір жарым жыл бұрын ғана пайдалануға берілгенін және кепілдік қызметінде тұрғанын анықтады.

– Барлық жөндеу жұмысы мердігер есебінен жүргізілуге тиіс. Прокуратура енгізген қадағалау актінің нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапқа тартылды, ал тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды, - делінген хабарламада.

Қазір осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.