Түркістан облысында бірнеше алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Египетке жұмысқа орналастырып беремін деп тұрғынды алдап, оған 1 млн теңгеден астам шығын келтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірген.
Күдікті ер адам өзінің танысын жұмысқа орналастырып беремін деп сендірген. Одан 100 мың теңгеге жуық ақша алып, байланысқа шықпай, "ізін суытқан". Тәртіп сақшылары оның бұдан бөлек осындай жеті алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады.
Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасына жұмсап жіберген. Қазір күдіктінің ісі сотқа өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.