Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласына барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын ұрлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды.
1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды.
Баласының тәрбиесіне бей-жай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция барлық ата-ананы бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.