мұрағат
Негізгі бет  >  Дау мен Дауа  >  Жан айқай  >  Ұлтты ұятқа қалдырған жігіт ұсталды
Ұлтты ұятқа қалдырған жігіт ұсталды
19.08.2013 14:01 Дуанабай Жолдасбек
0 432
Өткен аптада Алматыдағы Республика сарайы маңдайшасындағы лид-дисплейі арқылы ұлтты ұятқа қалдырған әдепсіз ролик көрсетілгенін бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Тіпті мұны істегендер шетелдіктер деген де әңгіме айтылды.
Бірақ бәрін бүлдірген бала Алматыда тұрады екен. «Алматыда 16 тамыз күні қалалық ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасының «К» бөлімшесі Республика Сарайының лид-дисплейіне жауап беретін серверге қосылған бөтен компьютердің IP адресін анықтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сол күні 20 жастағы жігіт құрықталды. Ол 12 тамыз күні аталған экранға порноролик салды деп айыпталуда. Ол бүгінде бұзақылық істегенін мойындады. Оның айтуынша, сол күні сервердің паролі экранда жазылып тұрған. Жас жігіт қалжыңдағысы келіп, өзінің жұмыс компьютері арқылы Республика Сарайының дисплейіне эротикалық мағынадағы ролик салып жіберген. Қазіргі таңда компьютерлік техникаға сараптама жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Кибербұзақыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған 800 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.

 

Тақырып бойынша соңғы мақалалар
Көкшетау көлге айналды
29.07.2014 14:17
0
14
Нөсердің кесірінен 150-дей үйді су шайып кетті.
ДӘРІГЕРДІҢ ДЕНІ ДҰРЫС ПА? Бақытжан Нұрғызова халықтан көмек сұрайды...
25.07.2014 10:53
0
139
Дәрігерлердің салғырттығынан зардап шектім деген Бақытжан Нұрғызова халықтан көмек сұрайды. Соқыр ішегіне ота жасаған хирургтар оның ішіне қайшы қалдырып кеткен. Кейін, қайтара операция жасап, қайшыны алып тастаған.
Заңсыз виза үлестірген кім?
21.07.2014 11:21
0
190
Қытайларға заңсыз виза рәсімдеп, еш кедергісіз елге кіргізген Сыртқы Істер министрлігінің лауазымды шенеуніктері ұзақ мерзімге сотталды.
пікірлер (0)
МультиВход
Аноним