мұрағат
Негізгі бет  >  Таразы  >  Руханият  >  «Өзіңді елім жарқыраған жұлдызына теңеген...»
«Өзіңді елім жарқыраған жұлдызына теңеген...»
04.12.2013 18:25 Байдәулет Қаншайым
0 479
14 желтоқсанда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әнші-композитор Роза Әлқожаның шығармашылық концерті өтеді.Жаңа бағдарламадан тұратын думанды кеш «Ән салшы, Роза» деп аталады.

Осыған дейін айтылғандай, Роза шыр етіп дүниеге келгенде ата-анасы ырымдап, тұңғыш қыздарын қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаеваның есімімен атаған екен. Үлкендердің ақ тілегі қабыл болып, Роза қазір халық артисімен бір сахнада өнер көрсетіп жүр. Бірер жыл бұрын өнер иесінің құрметіне «Ән салшы, Роза» атты ән жазған болатын. Кезекті концертін «Роза Қуанышқызының  шығармашылық жолын берсінші» деген ізгі ниетпен осы әнмен атауды жөн санапты.
– Оның үстіне, бұрынырақ халық мені жіті танымайтын. Қазір өзіндік жолым қалыптасты, қолтаңбам айшықталды» десем, артық айтпайтын болармын. Құдайға шүкір, қай жерге барсам да тыңдармандарым «Ән салшы, Роза» деп сұрап жатады. Бағдарлама барысында менің өмір жолымнан деректі сюжет көрсетіліп, әннің туу тарихы туралы сөз қозғалады. Кеш қорытындысы да осы туындымен түйінделеді, – дейді Роза Әлқожа.
Естеріңізге сала кетсек, жас әнші осыған дейін«Мына өмір ғажап қандай», «Мен сыйға тартқан орамал» атты концерт берген болатын. Сондай-ақ жаз айында Астана қаласындағы Жастар сарайында «Жүрек назы» атты ән кеші өткен.
– Елордада концертім өтеді дегенді естіп, алматылықтар «Біз бара алмайтын болдық. Өзіміздің қалада да қолға алсаңызшы» деп қатты өкінді. Сол кісілердің сұрауы мен өтінішін жерге тастағым келмеді. Әйтпесе, менің Студенттер сарайында есеп бергеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Оның үстіне, продюсер Ержан Айтқали ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнына алғаннан кейін, шегінерге жол қалмады. 14 желтоқсан күні күндізгі сағат 16.00 де және кешкі 19.00 деп, екі уақытқа белгіленіп отыр. Маған артылатын жауапкершілік те аз емес. Халыққа жаңа әндерімді тарту етсем деп шештім. Сондықтан осыған дейін концертімде өнер көрсеткен әншілердің басым бөлігі қатыспайды. Заттыбек Көпбосынов, Еркін Нұржанов, Хадиша Сейітова, Бақытгүл Алшын, Әлжаппар Әлқожа сынды санаулы әріптестерім мен соңымнан еріп келе жатқан іні-сіңлілерімді  шақырдым. Бұрынғы бағдарламадан «Мен сыйға тартқан орамал», «Жүрек назы», «Фариза», «Қазақия», «Иман келтіру» сынды әндер ғана орындалады. 8 сыныпта жазған «Ақын монологы», Бауыржан Әлқожаның мәтініне шыққан «Ақ жаңбыр», Ақмарал Ілеубаеваның өлеңіне жазылған «Сүйемін мен сені», Бақыткүл Бабаш өлеңін өрген «Айдыным» сынды әндерімнің тұсауын кесемін. Сондай-ақ Базарбай Оспановтың өлеңіне жазған Бекжігіт Сердәлінің «Ризамын», Табылды Досымовтың өлеңіне жазылған Серік Жанболаттың «Сағыныш белгісі», Бауыржан Әлқожаның өлеңіне жазылған Хамит Бәкіровтің «Әкеге хат» әндерін орындаймын. «Жастар жырлайды» жобасы бойынша жас ақындар Қажымұқан Абзалов пен Қанат Мырзахан сөз сайысына түседі, – дейді Роза.
Соңғы жылдары Роза өзінің бауыры әрі шәкірті Әлжаппар Әлқожаны өнер жолына тәрбиелеп, бағыт-бағдар берумен де айналысып жүр. Соның нәтижесінде жас өнерпаздың «Жолданбаған хат» атты тұңғыш альбомы жарық көрді. Кеш үстінде жинақтың тұсауын кесіп, үлкендердің ақ батасын алу ойда бар.
– Биылғы жылымды тек қана шығармашылыққа арнаймын деп шешкен едім. Осы жоспарымды ойдағыдай орындаған сияқтымын. Маусым айында Астана жұртшылығымен жүздестім. Бірқатар облыстарды араладым. Концертке дейін Алматы обылысының Қапшағай, Сарыөзек, Шонжы, Кеген тағы басқа аудан-қалаларында гастрольдік сапарда боламын. Бұдан бөлек, «Ән салшы, Роза», «Мен сыйға тартқан орамал», «Жүрек назы» атты үш бірдей альбомның тұсауын кестім. Оның бірі жүректі жарып шыққан әндер болса, екіншісі поэзиялық шығармалар, үшіншісі бейнебаяндардан тұрады. Менің ойымша, бұл аз еңбек емес. Осы ізденістерімді Студенттер сарайындағы концертпен қорытындыламақпын, – дейді Роза Әлқожа.

Ән салшы, Роза!
Дана халқым, қазағымды әсем әнге бөлеген,
Сенің жаның сұлу еді, нәзік еді, не деген.
Әуелеген әндеріңді сүйіп тыңдап, аялап,
Өзіңді елім жарқыраған жұлдызына теңеген.

Ән салшы, Роза, бұл өнер ғой киелі,
Ән салшы, Роза, әніңді елің сүйеді.
Ән салшы, Роза, Розалардың жалғасы,
Ән салшы, Роза, бұл Тәңірдің сыйы еді.

Тым биіксің, тым асқақсың, әнің бар да ардағым,
Талай елде әнмен аштың тарихтардың тармағын.
Паш еттің де өнеріңмен туған елді әлемге,
Шарықтаттың талайлардың орындалмас арманын.

Бақытты елдің бір қызысың маңдайына бұйырған,
Ғажап үнің естіледі, тіпті сонау қиырдан.
Әнің – бұлақ, тұнығына, сылдырына шөлдеген
Әнің – арна, тасып-толып, теңіздерге құйылған.

Тақырып бойынша соңғы мақалалар
Әлішер КӘРІМОВ: Мені орыс тілінде ән айтуға мәжбүрледі
30.07.2014 20:26
0
75
Латвияның Юрмала қаласында өткен “Жас толқын - 2014” байқауында ел атынан бақ сынаған Әлішер Кәрімов журналистермен жүздесіп, өнер сайысынан алған әсерін бөлісті.
Ол сүйіктісін көрсетті
30.07.2014 10:18
0
363
Қазақстандық белгілі әнші Дильназ Ахмадиева осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын.
Македонияны дүр сілкіндірген «Медея»
29.07.2014 20:07
0
89
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаеваның жеке театры Македонияда топ жарды. «Айгүл Иманбаеваның музыкалық театр орталығы» «Медеямен» қазақ театр өнерінің мықтылығын паш етіп қайтты.
пікірлер (0)
МультиВход
Аноним