Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады

Айқын-ақпарат
149
Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады Әнші Ернар Айдар өнердегі ағасы, қазақ елінің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевқа домбыра тарту етіп, жыр жолдарын арнады.

«Аға алдында інілік жол тұрады,
Ұмытпай əдет-ғұрып, төл мұраны,
Қолымнан келгенінше құрмет қылып,
Ағама тарту еттім домбыраны.
Қазақтың мұңын жырлап, күйін шертіп
Жалғастыра бергейсіз мол мұраны!» – дейді Ернар Айдар.

Өз кезегінде Мейрамбек Бесбаев Ернарға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, домбыраның білікті шебер Ердос Рахымбековтің қолынан шыққанын атап өтті.

Мейрамбек Бесбаев су жаңа аспабын сыннан өткізіп те үлгерді.

 

 

stan.kz