Негізгі бет  /  мақалалар  /  Францияны неге «Бесінші республика» деп атайды?

Францияны неге «Бесінші республика» деп атайды?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
256
Францияны неге «Бесінші республика» деп атайды? Бұл енді Францияның мемлекеттік саяси құрылымына қатысты айтылған сөз.

 Ал тарихқа жүгінер болсақ, Бесінші республика төртінші парламенттік басқару формасынан кейін пайда болған және өзгеріп осы күнге дейін президенттік-парламенттік жүйеде өмір сүріп келе жатыр. 1958 жылдың 4 қазанынан бастап, Францияда президенттік басқару формасына басымдық берілген. Сондықтан сол жылдардан бері Францияны «Бесінші республика» деп атайды. Содан бері президенттік басқару кеңейді.
Ал төртінші республиканың тұсында Франция үлкен дағдарысты бастан кешті. Бірнеше рет үкімет ауысқанымен, жағдай тіпті өзгермеді. Елде наразылық өршіді, халық толқуы жиі орын алды. Жұмыссыздық көбейді. Төртінші республика да  үшіншінің тағдырын қайталады. Осыдан кейін Франциядағы саяси әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындап бара жатқанын сезген Шарль де Голль елде жаңа конституциялық жүйе енгізуді ұсынды. Сөйтіп, президент 7 жылға сайланатын болды, (2000 жылдан бері 5 жыл) француз халқының 80 пайызы президенттік басқаруды қолдап дауыс берді. Жаңа Конституцияға сәйкес премьер-министрді Президенттің өзі тағайындайтын болды. Сондықтан 1958 жылдың 4 қазанынан бергі уақытта Франция осы басқару жүйесінде өмір сүріп келеді. Демек, Францияда әрбір жаңа конституцияға өзгеріс енгізіліп, басқару формасы ауысса, жаңа жүйедегі республика құрылады. Францияның «Бесінші Республика» атануының сыры осы.