Негізгі бет  /  мақалалар  /  ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ТҮСІМІЗГЕ КІРЕТІНІ РАС ПА?

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ТҮСІМІЗГЕ КІРЕТІНІ РАС ПА?

Айқын-ақпарат
182
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ТҮСІМІЗГЕ КІРЕТІНІ РАС ПА? Пайғамбарымыздан ﷺ: «Кімде-кім мені түсінде көрсе, өңінде де көргені, өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды»[1]деген хадис жеткен.

Алайда кейбір ғұламалардың көзқарасы бойынша, Пайғамбарымызды көрген адам оның сипаттарымен де қоса көруі керек екендігін айтқан. Пайғамбарымызды ﷺ әркім түсінде әртүрлі көруін былай деп түсіндіре аламыз. Адамдардың көрген түсі мен өздерінің рухани болмыстары арасында жақын байланыс бар. Егер адам түсінде Пайғамбарымыздың ﷺ кейбір жақсы қасиеттерін көрмесе, демек, ол адамның өзінде сол қасиеттер жетіспейді деген сөз. Кейде адамның жағдайына қарай ишаралар да болуы мүмкін. Сол себепті де әртүрлі көреді.


[1] Бұхари, Табир 2, 10

muslim.kz