Негізгі бет  /  мақалалар  /  Адамның жаңа ағза мүшесін білесіз бе?

Адамның жаңа ағза мүшесін білесіз бе?

Айқын-ақпарат
187
Адамның жаңа ағза мүшесін білесіз бе? Ирландияның Лимерика университетінде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде адамның ас қорыту жүйесінің бір бөлшегі енді ағза мүшесі деп аталатын болды.

Бұған дейін асқазан мен ішекті байланыстыратын шажырқай бірнеше жеке бөлшектен тұрады деп есептелетін. Дегенмен, ирландиялық хирург профессор Дж. Келвин Коффидің зерттеуіне сәйкес, бұл біртұтас орган.

Коффидің айтуынша, Lancet журналында жарияланған зерттеу қорытындысы ғылым саласында жаңалық ашып, бірқатар аурудың пайда болу себебін анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, «жаңа ағза мүшесінің» нақты функциясын анықтау үшін қосымша зерттеулер жасау қажет.

«Біз шажырқайдың анатомиясы мен құрылымын анықтадық, енді функциясын нақтылау керек. Егер органның функциясын түсінсек, бұл функцияның неден бұзылғанын да білуге болады. Осылайша, ауру анықталады. Ал бұның барлығы бізге шажырқайды ғылыми жағынан зерттеуге жаңа мүмкіндік береді», - дейді профессор Коффи.

Кофи шажырқай адам ағзасының барлық мүшелері сияқты мұқият зерттеуді қажет ететіндігіне сенімді. Бұл органның ішек аурулары, диабет пен семіздік секілді ауруларда маңызды рөл атқаратынын жоққа шығармау керек, дейді ғалым.

Нұр.кз