Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бүгін - Фотография туған күні

Бүгін - Фотография туған күні

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
271
Бүгін - Фотография туған күні 1839 жылы 7-қаңтарда ғылыми конференцияда Фотография туған күні ретінде бекітіледі. Себебі осы күні Луи Жак Дагер алғашқы суретті сақтау мүмкіндігін жариялаған еді. Бұл туралы бізге "Фотоөнер" ҚБ-нің президенті Асылхан Әбдірайым мырза әңгімелеп берді.

Асылхан Әбдірайым,"Фотоөнер" ҚБ-нің президенті:

-Луи Жак Манде Дагер ашқан “Камера обскураның” (“Қара қобдиша”) артқы қабырғасына салынған йодтал­ған қалайы табақшаның бетiне “Қара қобдишаның” алдыңғы саңылауынан жарық түсiру арқылы заттың бет-бейнесiн алуға және оны сынап буына ұстау арқылы сақтауға болатыны жөнiндегi жаңалығын жария еттi. Соған байланысты бұл күн ресми түрде фотографияның туған күнi болып тарихқа енгiзiлдi. Сондай-ақ, оның өмiрден өз орнын табуына Дагердiң жерлесi, әрi ұстазы Жозеф Нисефор Ньепс пен ағылшын ғалымы Вильям Генри Фокс Тальботтың қосқан үлесi зор.

Ал оқырман сіздердің  назарларыңызға бірнеше фотосуретті ұсынамыз.

Польша, Познань қаласы


 

Есентай мұнарасы, Алматы қаласы


 

Колизей, Рим


 

Мыңжылқы шыңы, Іле Алатауы


 

Италия жер бедері


 

Теңіз шағаласы, Жерорта теңізі жағалауы


 

Испан алаңы, Испания


 

Барселонаның Көктөбесінен қарағанда


 

Барселона, Испания


 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор