Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қатты қуанбаңыз!

Қатты қуанбаңыз!

Жолдасбек Дуанабай
457
Қатты қуанбаңыз! Адамның көңіл-күйі ішектердің микрофлорасына тікелей байланысты екен.

Мұны британ және испан ғалымдары дәлелдеді. Олар жүргізген зерттеулер барысында  ас қорту жүйелеріндегі бактерия мидағы серотининге ерекше ықпал етеді және көңіл-күйді қалыптастырады.  
Туабітті иммундық рецептор TLR2 жүйесі және пайдалы бактериялардың саны туралы «хабарға» жауапты, сонымен қатар ағзадағы серотининнің таралуын қадағалайтын «бақыт гормондары» адамның өзгеруіне ықпал етеді.  «Біздің тәжірибеміз көрсеткендей,  адамның микробиомы өмірге ерекше әсері бар, - дейді зерттеуші  Хосе Мезонеро.  Біз TLR2 рецепторларын ішек жасушыларынан таптық. Ол ішектердегі микробтарды қадағалайтын есептеуіш қана емес, ол серотининді тасымалдауды басқарады.  Әлі де көп нәрсе белгісіз, дегенмен ішектер мен мидың арасындағы байланыстарды анықтауға алғашқы қадам жасадық». 
Көрнекті ғалым Мезонеро және оның әріптестері адам бойындағы серотинин қосындысы ішектегі бактериялардың белсенділігіне байланыстылығын зерттеу кезінде шыны ішіндегі ішек жасушаларынан TLR2-ні қадағалау барысында ерекше құбылысты аңғарған.  Микробтардың пайда болуы және TLR2-нің белсенділігі кезінде дабыл беретін ақуыз молекулаларының көп бөлінетіндігін анықтаған (Бұл кәдімгі жағдайда асқазан-ішек жолдарында емес, мида ғана кездесетін).  Бұл  молекулалар  жасушалардан серотининді көбірек бөлуге күштейді екен. Ол адам миына ерекше ықпал етеді  (ұйқыны, адамның мінез-құлқын рететйді, ауруға жауап береді, буындар жұмысын басқарады, оның ішінде ас қорытуға да әсер етеді). 
Ғалымдар серотонин психикалық және нейродегенеративті аурулар барысында қатты өзгеретіндігін айтады. Мүмкін бұл ішек дертінен кейін өршуі де мүмкін көрінеді.  Түптеп келгенде адамның қайғы түгілі қатты қуануы да қауіпті көрінеді. Өйткені ол ағзадағы өзгерістерді жеделдетіп, қан айналымын өзгерте алады. Сол себепті барлық нәрсеге сабырмен қараған жөн.