Негізгі бет  /  мақалалар  /  11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал

Айқын-ақпарат
137
11 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал Бүгін жұлдыздар қандай ақыл-кеңес береді?

Тоқты

Сіз кез келген дауылға төтеп бере аласыз. Бірақ сізге керек емес екенін түсінсеңіз, қолыңызды сілтеп кете бересіз.

Торпақ

Өмірде қиындық пен қуаныш алмасып келеді. Тек бақыттың құшағында жүру мүмкін емес. Алайда қиындықты күле отырып қабылдауға қауқарыңыз жетеді.

Егіздер

Аталған белгі иелерінің жолы болады. Басшылық берген тапсырманы мінсіз орындап, әріптестеріңізге көмектесесіз.

Шаян

Сезімталдылығыңыз төмендейді. Достарыңызбен жанжалдасуыңыз да ғажап емес. Айналаңыздағылар тақырға отырғызып кетуі мүмкін болғандықтан, ақша мәселесіне сақ болыңыз.

Арыстан

Беделді адамдардың назарына ілігесіз. Айналаңыздағылардың көзайымына айналасыз. Мақсатыңызға жетуге достарыңыз көмектеседі.

Бикеш

Болашағыңыз үшін маңызы зор маңызды шешім қабылдауыңызға тура келеді. Сізге жауапкершілікті талап ететін, жалақысы көп жұмыс ұсынады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Таразы

Жақын достарыңыз дұшпаныңызға айналса, кеше ғана сізді ұнатпай жүрген жандар жақыныңызға айналады.

Сарышаян

Алдыңызға қойған мақсатыңыздың не екенін білмей, адасасыз. Әріптестеріңізден көңіліңіз қалып, олардың сынын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.

Мерген

Өзгелердің ұсынысын қабылдау арқылы өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз.

Тауешкі

Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Ешкімге уәде бермеңіз. Қандай жағдай болса да сабыр сақтаңыз.

Суқұйғыш

Сізге жан-жақтан ұсыныстар түседі. Олардан теріс айналасыз ба әлде махаббатқа ырық бересіз бе өз қалауыңыз!

Балықтар

Сіз өте кереметсіз! Және өзіңізді керемет сезінесіз. Басқалары үндемей қызығып бақытыңызды бүлдіргісі келмейді!

 

anabol.kz