Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ит 500 фунт стерлинг тұратын сырғаны жұтып қойды

Ит 500 фунт стерлинг тұратын сырғаны жұтып қойды

Айқын-ақпарат
79
Ит 500 фунт стерлинг тұратын сырғаны жұтып қойды Шотландияның Данди қаласында шаштараздың иті құны 500 фунт стерлинг (шамамен 200 мың теңге) болатын гауһар тасы бар сырғаны жұтып қойды, деп хабарлайды Daily Record.

Клиент сырғасының жоғалғанын айтқанда, шаштараз бүкіл үйді қарап, ештеңе таппаған. Осылан кейін кішкентай ит - Чихуахуаға  күдік түсті. Ветеринар қымбат әшекейдің жануардың асқазанында жатқанын растады.

Чихуахуаға құстыратын дәрі берді, алайда сырғаны қайтаруға мұның еш көмегі болмады. Алдағы екі күн бойы шаштараз жұмысты қойып, итін аңдумен болды. Әйтеуір соңында сырға табылды. 

 

ҚазАқпарат