Негізгі бет  /  Жаңалықтар  /  Башар Асад Астанаға сенеді

Башар Асад Астанаға сенеді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
157
Башар Асад Астанаға сенеді Сирияның президенті Башар Асад дағдарысты реттеуге байланысты Астана өтетін келіссөзге зор сенім білдіріп отыр.

Бұл туралы француз парламентінің депутаты Николя Дюик Башар Асадпен кездесуден кейін жұртшылыққа мәлім етті.

АҚШ-тың биліктен кетіп бара жатқан мемлекеттік хатшысы Джон Керри де «Сирия дағдарысын шешуде Женева мен Астанаға үлкен үміт артатынын» айтты. Әрине бұған дейін Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты Астана бір рет, ал Женевада бірнеше рет кездесу өткені мәлім.

Алайда Сирия президенті Башар Асад Женевадан гөрі ресми Астанаға көбірек үміт артатынын жасырмады. Sputnik агенттігінің хабарлауынша, француздың бір топ депутаты Сирияда бір апта болып, елдегі жағдаймен танысып қайтқан. Башар Асадпен де кездесу өткізген. Осы әңгімеден кейін француз парламентінің депутаты Николя Дюик «Башар Асад Астанада өтетін ресми кездесуге үлкен үміт артып отыр. Өйткені Астанадағы кездесуге Сирияда қырқысып жатқан топтың барлық өкілдері қатысады. Сондықтан Астана келіссөзінің болашағы бар, нәтижесі де жоғары» деп мәлімдеді.

...Лайым солай болғай. Ресми Астана «Азиядағы кіші  - Женева» диалог алаңына айналып жатса, оған бек қуануымыз керек.