Қазақстан аумағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек қана батыс, солтүстік-батыста қар жауады.
Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау, Ақтөбе, Манғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.Түнде Алматы облысы аумағында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысында өте қатты аяз болады.