Алматыда эпидемиялық ахуал күрделі
Алматыда эпидемиялық ахуал күрделі

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматының қазіргі уақытта COVID-19 бойынша шектеу шараларының күшейтілуін көздейтін «сары аймақта» екенін атап өтті.

2020 жылдың басынан бері қала аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18 мыңнан астам оқиғасы, сонымен бірге, анықталмаған пневмонияның 1423 оқиғасы тіркелген. Желтоқсан айында КВИ-ның 2256 оқиғасы тіркелді. Желтоқсан айының 4 аптасының қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларына эпидемиологтардың жүргізген зерттеулері инфекцияны жұқтыруға 20-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар әлдеқайда бейім екенін көрсеткен. Төрт аптада олар ауырғандардың 64 пайызын құраған.

Алматы қаласында қоғамдық орындар, оның ішінде дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану нысандары, СОО және базарлар инфекция ең көп жұғатын орындар болып қалуда. Халықтың КВИ жұқтыру орындарының құрылымында келесі орындар басым: сырқаттанған адамдардың қоғамдық орындарға келуінің үлес салмағы – сауда үйлері, дүкендер, дәріханалар, СОО, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, медициналық ұйымдар,  20-дан 40 жасқа дейінгі жастардың қатысумен отбасылық іс-шаралар (39%), олар сырқаттанған адамдардың 35%-ын және 40-тан 60 жасқа дейінгі адамдар – 29%; отбасының науқас мүшелерімен байланыс (35%) және қалалық көлік (17%).​

Қала тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше қоғамдық орындарға  барудан бас тартып, дүкендерде, СОО, базарларда және қоғамдық басқа да  орындарда әлеуметтік қашықтық сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бетперде  тағуды жалғастырып, оларды тағудың және ауыстырудың ережесін сақтау  керек.