Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу басталады. Биыл басталуы тиіс дактилоскопиялық тіркеу пандемияға байланысты 2023 жылға кейінге шегерілді.«Пандемияға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңға өзгерістер енгізіледі», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.