Стамбұлдан Алматыға қарай бет алған ұшақ жанармайын Мәрмәр теңізіне төгіп, жерге қайта қонды – видео
Стамбұлдан Алматыға қарай бет алған ұшақ жанармайын Мәрмәр теңізіне төгіп, жерге қайта қонды – видео

Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Жексенбіде Стамбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines (THY) әуе компаниясының жүк таситын ұшағы апатты жағдайда қайта қонды. Ұшақ Ататүрік әуежайынан әуеге көтерілген кезде құстармен соқтығысқан. Ұшақ Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша (05:40GMT) таңғы сағат 08:40-та ұшқан.   https://youtu.be/3Ogil_QC1_A

Turkish Airlines-тің таратқан мәліметінше, әуеге көтерілген B777-F ұшағы құстармен соқтығысқан. Құстар ұшақтың планеріне зақым келтірген. Ұшақ жерге шұғыл қайта қону үшін салмағын азайту керек болған. Сондықтан жанармайды Мәрмәр теңізінің үстіне төккен. Ұшақ салмағын азайтқаннан кейін Ататүрік әуежайына қайта қонды.