Павлодарда үсік шалған екі ер адам ауруханаға жеткізілді

Павлодарда үсік шалған екі ер адам ауруханаға жеткізілді

Облыстық Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екеуі ем қабылдап жатыр.

1973 жылғы ер адамның жағдайы орташа ауыр. Терапия бөліміне жатқызылды. Оның ішімдік ішкені анықталды. 1960 жылы туған екінші ер адамның білегін үсік шалған.

Бұған дейін бірнеше өңірде аяз болатынын хабарлаған болатынбыз.