Ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық супер ауыр салмақтағы боксшы Изим Избакидің (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Изимнің рингке оралуы 10 ақпанға, АҚШ-тың Коннектикут штатында жоспарланған. Жекпе-жек өтетін орын мен қарсыласының кім екені әзірге белгісіз. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында, Американың Мичиган штатының Флинт қаласында өткізген еді. Ол бірінші раундта боксшы Трой Олбрингті (0-3) нокаутқа түсірген болатын. 26 жастағы Избаки кәсіпқой бокс алаңына алғаш рет 2018 жылы Эстонияның Таллин қаласында шықты. Онда Изим Бенларусь боксшысы Олег Заблоцкийді (0-9) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.