Алмазбек Атамбаев түзеу колониясына ауыстырылды
Алмазбек Атамбаев түзеу колониясына ауыстырылды
200
оқылды
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторынан Бішкектегі № 47 түзеу колониясына ауыстырылды. Бұл туралы оның жұбайы Раиса Атамбаева айтты хабарлайды Aikyn.kz 24.kg басылымына сілтеме жасап. Раиса Атамбаеваның айтуынша, жаңа жыл қарсаңында ауыстырылған.
"Бұл туралы ешкім білмеді. 31 желтоқсанда маған және балаларымыз Қадыр мен Әлияға кездесуге рұқсат берді. Сол кезде біз колонияға бардық. Ол емін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл колонияда жағдай жақсы: серуендеуге, адамдармен сөйлесуге болады. Алмазбек Атамбаевтың қан қысымы төмен және оған қатты суық тиген. Біз оған ыстық тамақ әкеліп, жылы киім бердік", – деді Раиса Атамбаева басылымға.