«Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды (фоторепортаж)

«Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды (фоторепортаж)

Нұр-Сұлтанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды.

Сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға табыс етіледі.

«Эстрада» номинациясы бойынша:

Әділхан Құрманғалиұлы Макин – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті.



Марат Төреханұлы Айтімбай – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье.



«Классикалық музыка» номинациясы бойынша:

Данара Ерұланқызы Мұсахан – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD).



Әзімбек Қалдыбекұлы Жамбаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты.



«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша:

Мейірбек Бектұрсынұлы Сұлтанхан – айтыскер ақын.



Жарас Болатұлы Сатыбалдиев – «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының артисі, дирижер.



«Әдебиет» номинациясы бойынша:

Жадыра Төкенқызы Байбұланова – «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының редакторы.



Бекзат Болатжанұлы Смағұлов – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы.



«Театр және кино» номинациясы бойынша:

Алтынгүл Ерболқызы Серкебаева – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы.



Аян Өмірәлі Өтепберген – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері.



«Спорт» номинациясы бойынша:

Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева – мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада ­­— 2019 күміс жүлдегері.



Қамшыбек Бисенбайұлы Қоңқабаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны.

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша:

Айжан Қуанышәліқызы Жүзбай – «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер, «Қазақ сән қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті.



Сырым Еламанұлы Мүсіреп – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Мүсін» мамандығы бойынша 4-курс студенті.



«Журналистика» номинациясы бойынша:

Мырзабек Нағашыбекұлы Түсіпов – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы.



Айбек Серікұлы Тасқалиев – Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің тілшісі.



«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша:

Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Ибрагимов – «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы.



Ілияс Нұрболұлы Түстікбаев – «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті.



«Ғылым» номинациясы бойынша:

Қанат Нұрлан – Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілінің бағыты бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымын Н.Н.Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері.



Ерасыл Ерланұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты.



Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері 600 мың теңге сомасында қаржылай сыйлық алды.