Nur Otan Ақсу ауданында табиғи каучук өндіру зауытын салуды жоспарлады
Nur Otan Ақсу ауданында табиғи каучук өндіру зауытын салуды жоспарлады

Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сай, алдағы уақытта өңірде фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт, ет өңдеу зауыты салынбақ. Одан өзге Ұйғыр ауданында жылына 26 мың тонна өнім беретін құс фабрикасы да бой көтермек. Мұнан өзге «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына инвестор тарту барысында құны 353,4 млрд теңгенің 61 жобасын жүзеге асу жоспарланған.

Осы сынды жоспарларды сөз еткен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлмира Ахметова қызмет көрсету саласының өкілдерімен «ZOOM» бағдарламасы арқылы кездесті. табиғи каучук – Қоғам дамуына кедергі келтіретін жалғыз ғана мәселе бар. Ол – жұмыссыздық. Партия осы мәселені шешуге білек сыбана кіріспек. Мәселен, сайлауалды бағдарламаға сәйкес, партия алдағы бес жылдықта 51 ілгері инвестициялық жобаны іске асырмақ. Келер жылы Ілияс Жансүгіров ауылында тәулігіне 500 тонна өнім беретін қант зауытын салады. Одан бөлек, Ақсу ауданында табиғи каучук өндіру зауытын, жылдық қуаты 3,3 млн тонна болатын кен өңдеу зауытын салу жоспарланған. Ірі өндірістердің ашылуы тек экономикаға серпін болмайды, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеспек, – деді үміткер. Nur Otan партиясы облыс аумағында экономиканың басым салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс пен туризмді дамыту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартпақ. Тұрғындардың жақсы табыс табуы үшін жұмыс орындары ашылуы керек. Жақсы табыс – жайлы өмір кепілі. Ал жұмыссыздық оған кедергі болуда. Партия өңірде алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде 69,9 мың адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді