Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде барыс фотоқақпанға түсіп қалған (Видео)
Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде барыс фотоқақпанға түсіп қалған (Видео)
192
оқылды

Бұл биыл қақпанға түскен бесінші ілбіс.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісінде жариялады. Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері қорық аумағындағы жануарларды тіркеу үшін арнайы камералар орнатқан.

Ілбістің суретке түсіп қалуы биыл бес рет тіркеліпті. Соңғы рет мұндай кадр 2019 жылдың қарашасында жасалған.

Маман бұл оқиғаны табиғатты қорғау қызметтеркелері төккен тердің жемісіне балап отыр. Өйткені, жануарлар ешқандай қауіп болмаған кезде ғана осылай еркін жүреді екен. Қазір Қазақстанда шамамен 130-150 барыс мекен етеді.

https://youtu.be/dXornzgrJmU