Алматы облысында жалақысы 200 мың теңгеге жететін 134 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Алматы облысында жалақысы 200 мың теңгеге жететін 134 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
5,136
оқылды

Жетісу өңірінде алдағы бес жылда фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт пен ет өңдеу зауыты салынады. Одан өзге Ұйғыр ауданында жылына 26 мың тонна өнім беретін құс фабрикасы да бой көтермек. Сондай-ақ «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына инвестор тарту барысында құны 353,4 млрд теңгенің 61 жобасын жүзеге асу жоспарланған.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде алдағы бес жылда жалақысы 200 мың теңгеге жететін 134 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Осындай тақырыпты арқау еткен жиын Талғар ауданындағы «Аспан сити» тұрғын үй кешені тұрғындарымен кездесуде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер Досан Каримов пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер сөз етті. – Қоғам дамуына кедергі келтіретін жалғыз ғана мәселе бар. Ол – жұмыссыздық. Партия осы мәселені шешуге білек сыбана кіріспек. Мәселен, сайлауалды бағдарламаға сәйкес, партия алдағы бес жылда 51 ілгері инвестициялық жобаны іске асырмақ. Келер жылы Жансүгіров ауылында тәулігіне 500 тонна өнім беретін қант зауытын салады. Одан бөлек, Ақсу ауданында табиғи каучук өндіру зауытын, жылдық қуаты 3,3 млн тонна болатын кен өңдеу зауытын салу жоспарланған. Ірі өндірістердің ашылуы тек экономикаға серпін болмайды, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеспек, – деді Досан Елжанұлы. Nur Otan партиясы агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс пен туризмді дамыту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартпақ. Тұрғындардың жақсы табыс табуы үшін жұмыс орындары ашылуы керек. Жақсы табыс – жайлы өмір кепілі. Ал жұмыссыздық оған кедергі болуда. Партия өңірде алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде 69,9 мың адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.

Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді