Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Сайрам АПБ-ның патрульдік полиция қызметкерлері Манкент ауылында жұмыс істеп жүргенде күтпеген жайтқа кез болады. Тасжол бойында құрылыс заттарын сататын дүкеннің қоршауына қыстырылып қалған 4 жастағы баланы байқайды. [caption id="attachment_100103" align="aligncenter" > Фото: Дереккөзден алынды[/caption]Бала «дүкенге барып келемін» деп үйінен шығып кеткен.Полиция капитаны Нұрболат Тілеубергенов, полиция аға лейтенанты Еркін Альметов және полиция лейтенанты Ғалым Дәукеновтер темір қоршаудан өтпек болып, басы қысылып қалған баланы құтқарды.