Бұған дейінгі кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелген кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйе проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Жұмыссыздығын растау үшін SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Сонда төлем автоматты түрде тағайындалады.
Қай өңірлерде жұмыс күші азайды?
Электрондық еңбек биржасының мәліметінше, Қазақстан Республикасы халқының саны 2020 жылғы 3 тоқсанның дерегі бойынша өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,2%- ға өскен. Халықтың өсуі әсіресе, оңтүстік және батыс аймақтарда байқалады. Ал солтүстік аймақта көрсеткіш төмен. Іс жүзінде астана, республикалық маңызы бар қалалар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлерде жұмыс күшінің азаюы тіркелген. Коронавирус пандемиясы кезінде республикада жұмыспен қамтылған халық саны 0,7% -ға қысқарған. Негізінен жұмыспен қамтылғандардың өсімі елордада (+2%), Түркістан облысында (3,7%), Алматы (1,9%) және Шымкент (0,4%) қалаларында ғана тіркеліп отыр. Нақты қай салалар қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр болғаны да белгілі болды. Мысалы, тамақтану бойынша қызмет көрсету (-8,3%), өнер және ойын-сауық (-7,8%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (-6,3%) саласы қаржылық қиындыққа тап болды. Салдарынан қызметкерлері қысқарды.Білікті мамандар бас қалаларда ғана жұмыс істейді
Жұмыспен қамту құрылымы бойынша білім деңгейі жоғары қызметкерлер саны жоғары аймақтар қатарында астана және республикалық маңызы бар қалалар еніп отыр. Ал оңтүстік өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мектеп кезіндегі алған білімімен шектеледі екен. Осы ретте айта кетерлігі, орта білімі бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 74,3%-ы оңтүстік өңірлерде тұрады.Жұмыссыздық белең алды
Жұмыспен қамтылған халықтың, оның ішінде жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қысқаруы салдарынан жұмыссыздар саны өсуде. Республика бойынша ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздар саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға өсті. Ел бойынша атаулы жалақы 2020 жылдың 3 тоқсанында 204,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6,9% -ға жоғары. Жалақының өсу үрдісі Нұр-Сұлтан қаласынан басқа барлық өңірлерде байқалады. Айта кету керек, жалақы тек төрт өңірде, атап айтқанда Атырау (1,7 есе), Маңғыстау (1,5 есе) облыстары мен Нұр-Сұлтан (1,4 есе) және Алматы (1,2 есе) қалаларында республикалық деңгейден жоғары.Еңбек құқығы қорғала ма?
Ресми статистикалық дерек бойынша Қазақстанда 324 мың кәсіпорында 6 млн 650 мыңнан астам жалдамалы қызметкер бар. Олардың жалақысы өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 6,9% - ға өскен. Ағымдағы жылы еңбек инспекторлары жалақы бойынша 4,2 млрд теңге берешекті өндіріп алған. Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалыпты.