Финляндия: жас әйелдер басқаратын мемлекет
Финляндия: жас әйелдер басқаратын мемлекет

34 жастағы Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр болады.

Ол Финляндия Министрлер Кабинетін социал-демократиялық партияның (PSD) лидері Антти Ринн отставкаға кеткеннен кейін басқарады. Антти Ринн, Финляндияның пошта қызметкерлерінің ереуіліне байланысты жанжалдан кейін кетіп жатыр, – деп жазады bbc.com.

Оның кандидатурасын 8 желтоқсан, жексенбіде өткен ішкі партиялық дауыс беру арқылы қолдады. Санна Марин осы уақытқа дейін көлік және коммуникация министрі болды.

Ол осы аптада премьер-министр қызметіне кіріседі деп күтілуде. Әзірге әлемдегі ең жас премьер-министр Украина үкіметінің басшысы Алексей Гончарук (ол 35 жаста), бұл лауазымды атқаратын әйелдер арасында Жаңа Зеландияның премьер-министрі, 39 жастағы Джакинда Ардерн бар.

Санна Марин Финляндия премьер-министрі қызметіндегі үшінші әйел болады.

«Мен жасым және жынысым туралы ойламаймын. Мен үшін бастысы – саясат үшін не істеуім керек және сайлаушылардың сенімін қалпына келтіру үшін не істеу керек», – дейді ол.

Финляндиядағы бес партиялы коалицияның бес жетекшісінің бәрі әйел, олардың төртеуі 35 жасқа толмаған. «Солшыл Одақты» 32 жастағы Ли Андерссон басқарады, «Жасыл одақтың» жетекшісі – Мария Охисало, ол қазір 34 жаста. «Финляндияның Швед халық партиясын» 55 жастағы Анна Майя Хенрикссон 3,5 жылдан астам уақыт басқарды. 32 жастағы Катри Кулмуни – Орталық партиясының төрағасы. Жақын арада Катри Кулмуни Қаржы министрі болады деп күтіліп отыр.

Дегенмен, Санна Марин үкімет жұмысында өзгерістер қажет екенін атап өтті.

«Біз [сайлаушылардың] сенімін қалпына келтіру үшін көп жұмыс жасауымыз керек», – деді Санна Марин.