Түркістан облысында бір күнде 8 сиыр ұрлаған ұрылар ұсталды
Түркістан облысында бір күнде 8 сиыр ұрлаған ұрылар ұсталды

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, үйінде болмаған кезде қорадағы 8 сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Ұрылардың ізіне түскен полицейлер бір күнде 8 сиыр ұрлаған күдіктілерді ұсталды. Ұрылар сиырларды ұрлап таныстарының үйіне алып барып, сол жерде екеуін сойып, өзара бөліп алған. Алты сиыр иесіне қайтарылды.

Төрт күдіктінің үшеуіне қатысты сот шешімі шықты. Оларға 5 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Іздеуде жүрген төртінші күдікті де ұсталды. Оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.