Жауапкершілік жүктеді
Жауапкершілік жүктеді
146
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­мьер-Министрдің ор­ын­­­басары Бердібек Сапарбаевтың есебін тың­дады. Онда Үкі­меттің еліміздегі әлеуметтік қам­сыздандыруға мұқтаж тұр­ғындардың жағдайына қа­тысты атқарып жат­қан жұ­мысы тура­лы ай­тылды. 2020 жылдан бас­тап атау­лы әлеуметтік кө­мек ең ал­дымен аз қам­тыл­ған отба­сы­лардың ба­лаларына бе­рі­леді. Бұл туралы Ақор­даның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы облыс­тардағы азаматтардың арыз-ша­ғымдарын әділ әрі тиімді қарас­тыруға ерекше көңіл бө­­луді тап­сырды. Осыған байланысты бар­­лық деңгейдегі әкімдердің жа­уап­кер­шілігі айтарлықтай күшейетін болады.

Кездесу барысында міндетті ме­ди­циналық сақтандыру жүйе­сін са­па­лы жүзеге асыру мәселесі де қарас­ты­рылды. Үкіметке нақты тапсырма­лар берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жо­март Тоқаевқа Есеп комите­ті­нің төра­ғасы Наталья Годунова Қор­ғаныс ми­­нистрлігіне, «Қазақ­стан инжи­ни­ринг» Ұлттық ком­паниясы» акцио­нер­­лік қо­ғамына және «Қазарнау­лыэ­кс­­порт» рес­публикалық мемле­кет­тік кәсіпор­нына жүргізілген мем­ле­кеттік ау­диттің қорытындысы туралы баян­­дады. Ко­митет төрағасы «Қа­зақ­стан ин­жи­ни­ринг» ком­па­ния­сының қар­жы­лық-шаруа­шылық жұ­мысындағы ретсіз шы­ғындар, қарыз жүктеме­ле­рі­нің артуы, холдингтегі өндіріс жүйе­сінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аудит қоры­тын­дысы бойынша жинақ­талған ма­териалдарды өкілетті органдарға жолдауды, жөнсіз шы­ғындар мен қар­жылық жүк­те­мелерге орай ла­уа­зымды тұлға­лардың жауапкершілігін қарас­тыруды тапсырды.