WBC рейтингі: Әлімханұлы үздіктер қатарына енді
WBC рейтингі: Әлімханұлы үздіктер қатарына енді
120
оқылды
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіндегі ең үздіктер тізіміне тек бір қазақстандық боксшы кірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Жәнібек Әлімханұлы (WBC Americas белбеуінің иегері) орта салмақта жұдырықтасатын боксшылар арасында бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы франчайзинг чемпионы - Сауль Альварес. WBC-дің белбеуі Джермалл Чарлоға тиесілі. Али Ахмедов (15-орын) мен Айдос Ербосынұлы (16-орын) суперорта салмақта ТОП-20 қатарында. Бұл дивизионның да чемпионы - Сауль Альварес. Атаққа міндетті үміткер - түрік Авни Йылдырым. Сондай-ақ WBC рейтингінде қазақстандықтар Мейірім Нұрсұлтанов (21 орын, орта салмақ), Садриддин Ахмедов (26 орын, бірінші орта салмақ), Тұрсынбай Құлахмет (31 орын, бірінші орта салмақ), Мадияр Әшкеев (38 орын, бірінші орта салмақ), Данияр Елеусінов (23-орын, жартылай орта салмақ), Виктор Коточигов (31-орын, жеңіл салмақ) және Сұлтан Заурбек (39-орын, екінші жеңіл салмақ) бар.