ТурСтат порталы ТМД елдері астаналарындағы ең биік шыршалардың рейтингісін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Порталдың хабарлауынша, Беларусь, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінің астанасына ең биік жаңажылдық шырша орнатылған. 2021 жылы жаңажылдық шыршаның биіктігі бойынша алғашқы бестікке ТМД елдерінің астаналарынан Ашхабад (41 метр), Ташкент (36 метр), Минск (30 метр), Нұр-Сұлтан (25 метр) және Бішкек (25 метр) кірген. Мәскеудегі Кремль алаңына 25 метрлік тірі шырша орнатылған. Ресейдегі көптеген қала биыл жасанды шырша орнатқан, оның ішінде ең биігі Красноярдағы 55 метрлік шырша. Елордада 22 желтоқсанда еліміздің бас шыршасының шамдары жарқырады. Одан кейін бұл үрдіс өзге өңірлерде де жалғасын тапты. Кей өңірде салтанатты шара онлайн режимде өтсе, кей өңірде шырша маңында санаулы ата-ана мен бала ғана болған еді.