Шымкенттің жаңа мәртебесі
Шымкенттің жаңа мәртебесі
145
оқылды

Шымкент қаласы бірер күннен соң ТМД-ның 2019 жыл­ғы мәдени астанасы бол­ған Беларусьтің Брест қа­ласынан эстафетаны сал­танатты түрде қабылдап алады. Демек, 2020 жылы Шым­кент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты­ғы­ның мәдени астанасы мәр­тебесіне ие болады. Ресми құжат 2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің оты­рысында бекітілген-ді.

Айтса айтқандай, Шымкент – бұрыннан да мәдениет пен ру­ханияттың, ынтымақ пен бір­ліктің ордасы. Еліміздегі ең шуақ­ты, қонақжай қала. Тіпті қала әкімі Е.Айтаханов жуырда қайы­рымды қала деген балама атау да ұсынды. Осы орайда, бүгін­де үшінші мегаполисте бір­қатар шаралар өткізіліп жатыр.

Жалпы, ТМД елдерінің мә­дени астанасы болуға қандай қалалар лайықты, бұл мәртебенің маңызы не, ал шымкенттіктердің бұған дайындығы қалай?

«Достастықтың мәдени ас­танасы» жобасының тарихына үңілсек, осынау игі бастама 2010 жылы Минскідегі гуманитарлық ынтымақтастық салалары бас­шыларының екінші үйлестіру кеңесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы тарихи және мәдени мұра жылы аясында маңызды жоба ретінде басталған. Бағдарламаны дайындау және іске асыру туралы бастаманы ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі мен мемлекетаралық қоры ұсынды. Осы жылдың 4 қаза­нында Мәскеуде өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық кеңесінің XXV мерейтойлық отырысында бұл ұсыныс қолдау тауып, бағ­дарлама тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.

шымкент лого.JPG

Ал 2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабадта Достастық мемлекет басшыларының кеңесі «Дос­тастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы туралы ережені бекітті.

ТМД-ның мәдениет саласын­дағы басты жобаларының бірі са­налатын бұл бағдарлама «Дос­тастықтың мәдени астанасы» мәртебесін алған ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық ресурстарының жыл сайынғы шоғырлануын қамтиды. Бағдар­лама қалалардың бай мұраларына назар аудара отырып, олардың әлеуетін ашуға бағытталған. Сондай-ақ бұл болашаққа көпір ретінде қызмет ететін жоба. Ол мәдени алмасуды кеңейтуге және ТМД елдерінің мәдени әлеуетін неғұрлым тығыз біріктіруге арналған.

Бағдарламаның негізгі мін­деті – ТМД-ға қатысушы мемле­кеттердің толеранттылық, дос­тық пен тату көршілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, әртүрлі халықтардың мәдениетін, тілін, тарихы мен дәстүрін құр­меттеу негізінде мәдени байла­ныстарды жандандыру. Сонымен қатар ТМД-ға мүше мемле­кет­тердің азаматтары арасындағы басқа да көлденең байланыстарды дамытуға жәрдемдесу, мәдени саладан бөлек туризм, экономика және басқару, кадрлар даярлау, қала құрылысы және сәулет саласындағы тәжірибе алмасу да маңызды фактордың бірі са­налады.

Ал ТМД-ның мәдени аста­насы болуға лайықты қалаға қойы­латын негізгі талаптар қала­ның мәдениеті арқылы өзгеруге және дамуына дайындығының және мемлекетаралық желілік ынтымақтастықтың алғышарт­тарының болуы, қазіргі заманғы мәдени өнімдердің жарқын мы­салдары мен қажетті инфра­құрылымы сай болуы тиіс. Соны­мен бірге «Достастықтың мәдени астанасы» мәртебесін алған қала­ларда ұлттық жобалар конкурсы өтеді. Ал бағдарламалардың іс-шараларын өткізуге бөлінетін қаржы жергілікті және облыстық бюджеттер мен қажет болған жағдайда республикалық бюд­жеттен де қарастырылады.

Осылайша, мәдени байла­ныстарды кеңейтуге, гуманистік құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл жоба әр жылдары ТМД-ға мүше мемлекеттердің талапқа сай келетін қалаларында өткізіліп жүр. Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығының мәдени астана­ларының алғашқы сертифи­кат­тары Беларусьтік Гомель және Ресейдің Ульяновскі қаласына берілді.

Одан кейін, яғни 2012 жылы екі қала ТМД-ның мәдени ас­таналары болып еліміздің Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) және Түр­кіменстанның Мары қаласы аталды. Аталмыш екі қала эста­фетаны Габала (Әзірбайжан), Гюмри (Армения) және Могилев (Беларусь) қалаларына өткізді. Ал Достастық мемлекет басшы­лары кеңесінің 2013 жылғы 25 қа­зандағы шешімімен ТМД елде­рінің мәдени астаналары мәрте­бесін 2014 жылы Алматы (Қа­зақстан) және Ош (Қырғыз Республикасы) қалала­ры алды. Одан кейін ТМД SGS шешімімен ТМД-ның мәдени астаналары 2015 жылы Ресейдің Воронеж және Тә­жікстанның Куляб қалалары анықталды.

2015 жылғы 16 қазанда ТМД мем­лекет басшыларының кеңесі «Достастықтың мәдени астана­лары» мемлекетаралық бағдар­ламасын Түркіменстанда жүзеге асыруды ұйғарып, Дашогуз қаласын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы деп жариялады. 2017 жылы бұл мәртебе Әзірбайжандағы екінші үлкен қала Гянджаға берілді. 2018 жылы Армения Республикасында (Горис қаласы), 2019 жылы Беларусь Республикасында (Брест қаласы) өткізілді. Міне, таяу күндері Брест қаласында мәдени астананың салтанатты жабылуы өтіп, бұл мәртебе Шым­­кент қаласында жүзеге асы­рылатын болады. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2019 жыл­ғы 28 қыркүйектегі шешімі­мен Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласы 2021 жылы Достастықтың мәдени астанасы болып жарияланды.


Бүгінде қала көлемінде ай­тулы жылда қаланың ТМД-ның мәдени астанасы ретінде жаңа имиджін жасауға бағытталған іс-шаралардың тұтас кешенін жүр­гізу жоспарлануда. Олардың қата­рында қызықты туристік бағыттар құру, тарихи ескерт­кіш­терді қайта жөндеу, түрлі музы­калық фестивальдер, мұражай көр­мелерін өткізу, шетелдік театр­лардың гастрольдерін және әлемдік танымал авторларының қатысуымен кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру да бар. 

 

Иә, әр қаланың өзіндік мә­дениеті, бай рухани қазынасы және бірнеше жылдық тарихы бар. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әр жылдары мәдени астана мәртебесін алған қалалардың мәдениет саласында едәуір өзгерістер орын алып, жаңа ғимараттар тұрғызылып, мәдени шара көптеп өткізілген. ТМД елдерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері бас қосып, түрлі шаралардың өтуіне ұйытқы болған. ТМД-ның түрлі елдері­нен келген шығармашылық ұжым­ның қатысуымен жүздеген музы­калық, білім беру және театр­лық бағдарламалары жүзеге асырылды.

Мәселен, Брест қаласында биыл ТМД мәдени астанасының ашылуы 2019 жылдың наурыз айында өтті. Бресттіктер жоба аясында түрлі елдің мәдениетімен танысып, скрипка байқауы, хореографиялық фестивалі, мүсін­шілер әуені, оркестрлер шеруі сынды 1000-нан астам шараларды тамашалады.

Ал 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы болатын мәр­тебе үшінші мегаполиске тектен-текке берілген жоқ. Соңғы жыл­дары қала аумағы 117 мың гек­тарға кеңейіп, жаңа аудандар қосыл­ған. Экономикасы өсіп, респуб­ликалық маңызға ие мега­полис атанды. Сондай-ақ мил­лионға жуық тұрғыны бар қалада мәдени шараларды өткізетін жаңа нысандар көп. Бұл мәртебе ша­һарға жүктелген үлкен жауап­кершілік. Шымкентте мәдени шаралар өткізуге, қонақтарды кү­туге мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда қалада 5 театр, 5 ірі-ірі кітап­хана, цирк, қуғын-сүргін құрбан­дарының музейі, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орта­лығы, көрме орталығы, зообақ, дендросаябақ, Түркістан сарайы сынды концерт залдар да бар.

Сонымен қатар SСAT әуеком­паниясы әуежайдың жаңа тер­миналының құрылысын бастады, теміржол вокзалы қайта құрыл­мақ және 20 мың орындық Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта құру жұмыстары жүреді. «Қырғы базар» шығыс стилінде жаңғыртылуда. Қазіргі таңда «Шымкент Сити» аума­ғында Конгресс орталығы салы­нуда. Аталмыш орталық келер жылдың наурыз айында пайда­лануға беріледі. Айта кетейік, Шымкенттің өзінде соңғы жыл­дары 50-ге жуық мәдени нысан­ ашылды.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Ғалия Аликен­қызының айтуынша,«Шым­кент – Достастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасын дайын­дау және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитеті құрылып, комиссия құрамы бекітілуге ұсынылған.

Басқарма басшысының мін­детін атқарушы «Шымкент – Дос­тастықтың 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясын­да жыл бойы ТМД елдері ара­сындағы байланыстар мен дос­тықты нығайту, мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жет­кізіп, оны әлемге таныту мақса­тын­да 40-қа жуық түрлі іс-ша­ралардың ұйымдастырыл­ға­нын атап өтті. «Атап айтқанда, 2019 жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ас­танасы» статусын ресми тап­сыру салтанаты мен ТМД елдері өнер шеберлерінің мерекелік концерті, «Жібек жолы» ұлттық салт-дәстүр мен заманауи қол­өнер көрмесі, ТМД елдерінің опера жұлдыздарының фестивалі, «Душа Евразии» I халықаралық эстрада әндерін орындау­шы­лардың фестивалі мен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» республи­ка­лық фестивалі, сурет­шілер, фото­суретшілер, ақын-жазу­шы­лар­дың кездесулері және тағы басқа шаралар өткізілді» дейді ол.

Бүгінде қала көлемінде ай­тулы жылда қаланың ТМД-ның мәдени астанасы ретінде жаңа имиджін жасауға бағытталған іс-шаралардың тұтас кешенін жүр­гізу жоспарлануда. Олардың қата­рында қызықты туристік бағыттар құру, тарихи ескерт­кіш­терді қайта жөндеу, түрлі музы­калық фестивальдер, мұражай көр­мелерін өткізу, шетелдік театр­лардың гастрольдерін және әлемдік танымал авторларының қатысуымен кітап жәрмеңкелерін ұйымдастыру да бар.

– Бұл ретте барлық іс-шара­лар шетелдік туристерге де, ішкі тұтынушыға да қызықты және танымды болуы тиіс. Қазақстанда өткізілген ЕХРО – 2017, «Азиада–2011» және «Универ­сиада–2017» сияқты жаһандық жобалар ішкі туризмнің зор әлеуеті бар екенін және оларды тарту, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың өзін-өзі өтеуіне ықпал ететінін көрсетті. Сон­дықтан біз ұсынған жобалар әр­түрлі мақсаты бар аудиторияның қажеттіліктерін қанағаттандыру тұрғысынан қарастырылуы ке­рек. Мұнда іс-шаралардың ауқым­дылығы мен кеңдігіне емес, олар­дың мазмұнына ар­тық­шылық берілген. Туризм ин­дустриясының әлемдік тә­жірибесі бүгінгі күні туристердің үлкен қызығушылығын этно-туризм және ашық ауада Open Air деп аталатын іс-шаралар үл­кен қызығушылық тудыра­ты­нын көрсетеді. Бұл дегеніміз – сәулет ескерткіштері, түрлі фес­ти­вальдер және де этно-қала­шықтар. Қазіргі заманғы тур-ин­дустрияның барлық осы ерек­шеліктері «Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы – 2020» жобасы аясындағы іс-шаралар тізбесін жасау кезінде ескерілді, – дейді Ғалия Аликенқызы.

Шымкент қала­сында осынау жобалар жүзеге асса, келер жылы қала имиджі едәуір артады. Осы ар­қылы салт-дәстүріміз бен мәде­ниетімізді халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға да мүм­кін­дік зор. Әрине, мәдени ас­тана болу іс-шара өткізумен ғана шек­телмейді, келер жылы қалада талай көркі көз тартар ғи­марат­тармен де толығары сөзсіз.


Назгүл НАЗАРБЕК, 
Шымкент қаласы