Инвестициялық ынтымақтастық арта бермек
Инвестициялық ынтымақтастық арта бермек
204
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған 2021 жыл­дың алғашқы күнінде бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қазақстан Президенті коро­навирус пандемиясына қарамас­тан екі ел арасындағы ынтымақ­тас­тық табысты дамып келе жат­қанын атап өтті. Былтыр өзара сау­да көлемі 2,6 миллиард доллар­ды құраған. Мемлекет басшысы сауда-саттықты арттыруға және инвестициялық ынтымақтас­тық­ты жандандыруға күш салуды ұсынды. Түркия президенті мұн­дай ұсынысты қабыл алып, соның нәтижесінде бірлесе отырып сауда көлемін үш есе ұлғайтуға бола­тынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары Түркияның халықара­лық аренада ықпалы артқанын, оған Таулы Қарабақтағы қақты­ғысты тоқтатуға қатысқаны да куә болатынын атап өтті. Режеп Тайип Ердоған көпжылдық қақтығысқа Түркияның араласуына қатысты берілген бағаға ризашылығын білдірді. Түркия президенті коро­навирус пандемиясына қарсы екі елдің іс-қимылын жоғары ба­ғалап, Қазақстан басшылығының батыл әрекетінің арқасында мем­лекеттегі эпидемиологиялық жағдай бақылауға алынғанын жеткізді. Режеп Тайип Ердоған биыл қаңтардың 10-ы күні өтетін Пар­ламент сайлауына сәттілік тілеп, дауыс беру барысын Түркияның өкілдері бақылайтынын айтты. Әңгіме соңында тараптар осы жылы Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйым­дастыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.