Аязға автокөліктер де шыдамайды
Аязға автокөліктер де шыдамайды
105
оқылды

Елде қыс қаһарына мініп, үскірік аяз күшейді. Сал­дарынан өңірлер елді ме­кеннен тыс жолдарды жа­­буға мәжбүр. Алайда ескер­­туге қарамастан сапарға шығып кеткен көлік иелері жолда қалуда. Оларға по­лиция қыз­меткерлері кө­­­мекке келген. Мысалы, Пав­лодар облысының поли­­­цейлері тас жолда көлігі бұзылып қалған шетелдік жүк көлігінің жүргізушілеріне көмекке келді.

Облыста мереке күндері қат­ты аяз, көктайғақ болды, кей жер­де ауа температура­сы -43°дейін жеткен. – Павлодар–Нұр-Сұлтан автожолын патрульдеу кезінде тоқтап тұрған жүк көлігін бай­қадық. Оның жүргізушілері Қазгидрометтің ескертуін еле­­мей, Ресейден Қырғыз Рес­публикасына беттеген. Алайда аяз қысып, маши­­насындағы солярка қатып қалыпты. Сөйтіп, олар түнде далада қалып қойған. Біз оларды ең жақын лагерьге жіберіп, өзіміз көлікті жылы­тумен айналыстық. Көлікті Ші­дерті ауылының жылы боксы­на жеткіздік. Көлік жы­лыған соң жүргізушілер сапарын жалғас­тырды. Әріптесім Азамат Шақ­­шабаевпен бірге олар шекарадан асқанша ұдайы хабарласып тұр­дық, – дейді патрульдік полиция ротасының инспекторы Рустам Верещак. Ал Түркістан облысында Ке­лес аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Данияр Ешен­құлов пен Жандос Полатов жол­да қалған жүргізушінің көлігін жөндеп берді. Олар ауылдық округті патрульдеу кезінде жол үстінде «Волга» автокөлігі бұ­зылып, әбігерге түсіп жатқан жүргізушіге кезікті. Полицейлер оған көмек қолын ұсынды. Ав­токөліктің бөлшегі істен шыққан екен, тәртіп сақшылары тез арада жақын маңдағы маман­дан­ды­рылған дүкеннен қажетті бөл­шекті алып келіп, ауыстырып салып, көлікті жүргізіп берді. Жүргізуші Ішкі істер органының қыз­меткерлеріне алғысын біл­дірді.

Е.СЕНБАЙ