Экологиялық кодекстің талабы қандай?

Экологиялық кодекстің талабы қандай?

Еліміздегі экологиялық ахуал дұрысталар күннің ауылы алыс емес секілді. Ауа тазарып, ағаштарды ая­­лап, нағыз табиғатпен те­те ғұмыр кешетін елге ай­на­луымыз бек мүмкін. Себебі Қазақстанда жаңа Эколо­гия­­л­ық кодекске қол қойыл­ды. Аталған құжаттың не­гізінде қай елдердің тәжіри­бесі жатыр? Жағдайдың реттелетіні рас па? Осыған дейінгі Экологиялық кодекс қандай еді? Жаңасының қандай ерекшелігі бар?

Зиянды қалдықтардан құтылар күн туа ма?

Әлқисса, бұған дейінгі құжат бойынша ауа ластайтын кәсіпо­рындар эмиссия төлейтін. Яғ­ни, белгілі бір көлемде қаражат төлеп, ластауға рұқсат алатын. Ал енді жаңа кодексте дәл осы тұста өзгеріс енгізіліп отыр. Атап айтқанда, айыппұлдың ба­ғасы шарықтайтын болады. Бұл де­геніміз – ауа ластаушылар айып­пұл төлегенше, техника­лық, қар­жылық, технологиялық си­паттағы барлық тиісті шараны жасаған оңайырақ болуы тиіс. Сондай-ақ осы арқылы өндіріс­тік кәсіпорындардың қалдығын азайтуға да мүмкіндік туады. Мұ­ны жаңа Экологиялық ко­декс­тің басты әрі маңызды бө­лігі десек болады. «Кім ластаса, сол төлейді немесе ластаған адам төлеп, ретке келтіреді» де­ген принциппен жұмыс істейтін боламыз. Бұл терминді Эко­но­ми­калық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері қалыптас­тырды. Әрі жаңа Экологиялық кодексті әзірлеуге де Еуропалық одақ елдерімен бірігіп атса­лысты. Бұл елдер жаңа шаралар қабылдаған соң атмосфераға түсетін қалдықтар 94 пайызға азайған. Қарап тұрсақ, бұл – өте жақсы көрсеткіш.

10 жылда – ауа жаңа

 Ауаны ластайтындар енді ең жақсы қолжетімді технология­ларды қолдануға міндеттеледі. «Алдағы бірнеше жылда аудит жүргіземіз. Қазір негізгі ластау­шылардан бастап кеттік. Одан кейін сол кәсіпорындардағы қал­дықтарды азайтуға бағыттал­ған технологиялардың тізімі жаса­лады. Сонымен бірге ең жақ­сы әрі қолжетімді техноло­гиялар анық­та­малығы да дайын­далады. Осыдан соң елдегі қал­дықтардың 80 пайызын іске асырып отырған Қазақстанның алғашқы 50 ірі кәсіпорны 2025-2035 жылдар аралығында ауы­сым кезеңін ала­ды. 10 жыл уа­қыт беріліп отырған себебі – бұл процесс қаржылық жағынан да, технологиялық тұрғыдан да қым­­бат әрі күрделі. Бә­рінің жоба­­сын әзірлеп, тап­сырыс беріп, ал­дырып, қондыру керек. Мұның бәрі оңай емес. Кей жер­лерге өндірістік техноло­гия­ны түгел өзгерту қажет бола­ды», – дейді сала министрі Мағзұм Мыр­заға­лиев. Экономи­калық ынтымақ­тастық және даму ұйы­мы және Еуропа елдеріне ауысу үшін 15 жыл уақыт қажет болған екен. Ал бізге әзірге 10 жыл ке­рек болады деген жоспар бар. Ең жақсы әрі қолжетімді техно­логияларды енгізу үшін көп қа­ра­жат керегі белгілі. Сондықтан мемлекет бұл инвестицияны бөлуге әзір екенін мәлімдеп отыр. [caption id="attachment_100218" align="alignnone" > © коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов[/caption] Бұған дейін айтқанымыздай, қазір ауа ластаушы кәсіпорындар эмиссия төлеп отыр. 2025 жылдан бастап бұл жүйе толықтай өзгереді. Бір жағынан кәсіпо­рындар біршама қаражатты үнемдеп, ол ақшаны тиісті технологияларға реин­вестиция жасайтын болады. Мынаны қараңыз, бүгінде кәсіпорындар эмиссия үшін 90-95 миллиард теңге төлейді. Одан бөлек, 140 миллиард теңгеге жуық қаражат табиғатты сақтауға бағытталған іс-ша­раларға кетеді. Сонда жалпы сомасы 250 миллиард теңге шамасындағы ақша 10 жылдай өз қалталарында қалады. Жи­нақтап есептесе, қыруар қаражат шығады. Қарап тұрсақ, жаңа кодекс аясында кәсіпорындар мен мемлекет арасында серіктестік орнайды. Яғни, мемлекет бизнеске қолдау білдіреді. Сол арқылы табиғатты ластанудан сақтап, экономика мен экология арасында баланс пайда бо­лады. Олай етпеске амал жоқ. Қазіргі эко­но­микалық ахуалды ескерсек, кәсіпо­рын­дар мемлекет қолдауынсыз қаржылық жүк­темені көтере алмайтыны белгілі.

Айыппұл, әлде технология?

Егер кәсіпорындар технологияларды енгізуден бас тартса, қалдықтарға төлейтін қаражат тым қымбатқа түседі. Алдымен екі, одан кейін төрт, одан сегіз есе өседі. Яғни, кәсіпкерлердің алдында таңдау тұрады: не эмиссия үшін жоғарылатылған мөлшерлеме төлейді, болмаса бәрін жаңадан бастап, үнемделген ақшаға тиісті технологияны енгізеді. Айтқандай, 2025 жылдан бастап енгізіле бастайды. Әлбетте, зауыттарымыздың қазіргі ахуалы да есепке алынады. Мысалы, 50-70-жылдары салын­ғандары жасыл технологияларды қолдана алмауы мүмкін. Ол экономикалық тұр­ғыдан да ақталмайды. Сол үшін екі жаққа да тиімді тәсіл ойластырылады. Көптен бері айтылып жүрген жасыл технологияларға барлық кәсіпорын көшсе, құба-құп. Сондай жағдай туғызуға ұмтылып отырғандары да белгілі. Еліміздің әр аймағы үшін экологиялық жағдайды жақсарту жоспарын жасау жоспарда бар. Министрдің сөзіне сүйенсек, «Арсе­лорМиттал Темір­таумен» алдағы үш-төрт жыл ішінде қалдықтарын 30 пайызға азайтуға келісім жасалыпты. Осыған ұқсас келісімшартқа «ҚазЦинкпен» де қол қойылған. Әзірге жоспар бойынша, осы Экологиялық ко­декстің арқасында елде жасыл экономикаға көшу үдерісі күшейе түсуі тиіс. Сарапшылардың айтуынша, кодекстің қабылдануы – құптарлық дүние. Әйтсе де, алдымен экологиялық мәдениетті тамыры­мен енгізу маңыздырақ. География ғылым­дарының маманы Орденбек Мазбаевтың айтуынша, бұл кодекс тек құжат жүзінде қабылданумен шектелмеуі тиіс. «Бұл жерде бастысы – кодекстің орындалу механизмін жолға қою. Әзірге қазақстандықтардың экологиялық мәдениеті төмен. Соның салдарынан табиғат зиян шегіп жатыр. Ең бірінші кезекте, айыппұлды көбейткенді қолдаймын. Өйткені біздегі кей зауыт-фабрикалар азғантай ақша төлеп отыр. Ал одан қоршаған ортаға тиетін зиян еселеп көп. Бір ғана Еуропадағы айыппұлдарды қараңыз, өте жоғары. Сол себепті кодекстің қабылдануы орынды десек те, алдымен орын­далуын бір ретке салған жөн деп ой­лай­мын», – дейді О.Мазбаев.

Жадыра АҚҚАЙЫР