Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қазақтың жері ешқашан шетелдікке сатылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді.

Нұрбек БАҚЫТ
Қаңтар 5, 2021
Жаңалықтар, Өзекті, Саясат
Жер

©А.Ахметқазы

1.7k
қаралым

Президент мақаласында жер мәселесін айтты.

«Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет. Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы экология, табиғатты қорғау проблемасына бей-жай қарауға болмайтынына тоқталды.

«Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық.

Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет. Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген, үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықта, заңда емес – санада», – деп жазды Президент.

Алпауыт компания айыппұл төледі

Ауа ластайтын алпауыт

Жер шетелдіктерге сатылмайды

 
Тегтер: жержер сатуКөбейтұзКөкжайлаушетелэкология
Алдыңғы жаңалық

Биыл экономикада қандай өзгеріс болады?

Келесі жаңалық

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Ұқсас жаңалықтар

Странджа-2021
Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 2021
Павлодар
Жаңалықтар

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 2021
облыс
Жаңалықтар

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 2021
ескерту
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 00:11

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 23:29

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақпан 28, 22:48

Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 28, 22:02

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Ақпан 28, 21:20

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті

Ақпан 28, 20:43

Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Ақпан 28, 19:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Странджа-2021

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық «Странджа-2021» турнирінде 4 медаль еншіледі

Наурыз 1, 2021
Павлодар

Павлодар облысында әйелі күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»