Экстрасенс 2021 жылы алматылықтарға қауіп төніп тұрғанын айтты
Экстрасенс 2021 жылы алматылықтарға қауіп төніп тұрғанын айтты
169
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты да болжап отыр.

Экстрасенс Қажет Ахметжанова: «Осы наурыз айында коронавирус кетеді. Бірақ коронавирустың тағы бір формасы тарайды. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір түрі келеді. 2023 жылға дейін адамдар коронавирустың 3 түрімен ауырады», – деді.

Ол сондай-ақ Алматы қаласына 2021 жылы судан қауіп бар деп болжам жасап отыр.

«Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін апаттың алдын алу қажет», – деді.

Экстрасенстің пайымдауынша, биыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болады.