Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты да болжап отыр.Ол сондай-ақ Алматы қаласына 2021 жылы судан қауіп бар деп болжам жасап отыр.Экстрасенс Қажет Ахметжанова: «Осы наурыз айында коронавирус кетеді. Бірақ коронавирустың тағы бір формасы тарайды. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір түрі келеді. 2023 жылға дейін адамдар коронавирустың 3 түрімен ауырады», – деді.
«Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін апаттың алдын алу қажет», – деді.
Экстрасенстің пайымдауынша, биыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болады.