Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағандыда ауа райы қолайсыз болады
Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағандыда ауа райы қолайсыз болады

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды және Теміртау қалаларында күн райы жайсыз болады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераға кері әсер етеді. Сондықтан кей аймақта тымық ауа райы, жел, тұман түсіп, мың құбылады. Шалғай елді мекендерде атмосфераның сапасы нашарлауы ықтимал.