Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясына орай өткізілетін салтанатты іс-шараға қатысады
Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясына орай өткізілетін салтанатты іс-шараға қатысады
183
оқылды

Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Пандемияға байланысты мереке 17 қаңтар күні сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00 аралығы) онлайн форматта өтеді. Дәстүр бойынша бұл іс-шараны Sister Cities International ұйымы өткізеді. Инаугурациядан бір күн бұрын 16 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің DIMASH DIGITAL SHOW атты алғашқы онлайн-концерті көпшілікке көрсетіледі.

Sister Cities International халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған. Сол уақыттан бері кезінде АҚШ президенті болған Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды.

Sister Cities International 70 жылға жуық уақыт ішінде әлемде көптеген іс-шара өткізген.