Nur Otan – мақсаты айқын, арманы биік, нақты істер партиясы!

Nur Otan – мақсаты айқын, арманы биік, нақты істер партиясы!

Сайлау – еліміз үшін маңызды, саяси реформалардың бірі. Кез-келген саяси реформа халық игілігі үшін жасалатыны хақ.

Бүгінге дейін Nur Otan партиясы әрдайым сөзі мен ісінің үйлесім табатынын дәлелдеп келеді. Түйіні қиын мәселелердің басы қасынан табылатын партия, алдағы сайлау науқанына да білек сыбана кірісіп, әр күн сайын тұрғындармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып келеді. Nur Otan партиясының қатарында белсенді жастар да бар. Ерейментау аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шошанов Әлимжан Қайратұлы сондай қайратты жастардың бірі. Әлімжан Қайратұлы Ерейментау өңірінің тумасы, ауданның мәселелерімен жақын таныс. Үміткер «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, тұрғындарымен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның ауданға қатысты арнайы бағдарламасымен таныстырды. Алдағы 5 жыл көлемінде ауданда жол, ауыз су, балабақша, білім мекемелерінің мәселесін оң шешім табатынын айтты. Себебі Nur Otan партиясы нақты жоспары бар, үлкен күшке ие партия. Әлімжан Қайратұлы ауданның келешегін сөзі мен ісі сай келетін партияға, оның мүшелеріне сеніп, дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясының Ерейментау ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.