Қарасорадан қағаз пакет өндірмек
Қарасорадан қағаз пакет өндірмек
168
оқылды

24.kz-тің жазуынша, «Жас кәсіпкер» мектебінің түлектері жаңалық ашқаннан гөрі, дайын дүниені дамытуды ұсынған.

Мұндағы 65 студент оқыса, соның 12-сі алған білімдерін әрі қарай дамытып, түрлі бизнес жоба жасаған. Біреуі қарасорадан қағаз пакет жасауды, кейбірі балаларға арнап сұлулық салонын ашпақ. Киім тазалайтын орын, асхана, ақыл-ойды дамытатын студия ашуды жоспарлап отырғандар да бар.

Дерекөздің хабарлауынша, өкінішке қарай, инновациялық әрі өндірістік тың жобалар аз. Көпшілігі жаңалық ашпай-ақ, бар дүниені дамытқысы келеді екен.

Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Меруерт Қасымова: «Қатысқандар ақшалай сыйлық алмаса да, сертификат алады. Сол сертификат бойынша, келесі жылы «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқуға қатысып, грантқа ие бола алады. Грант көлемі – 505 мың теңге. Егер инновациялық әлеуметтік проблеманы шешетін жоба болса, ауыл, аудан, шағын қалада болсын онда 3 миллион теңгеге дейінгі облыс әкімінің грантына қатыса алады», – деді.