Nur Otan өзін-өзі жұмыспен қамтыған 190 ордабасылыққа грант беруге жәрдемдеседі
Nur Otan өзін-өзі жұмыспен қамтыған 190 ордабасылыққа грант беруге жәрдемдеседі
5,130
оқылды
Nur Otan партиясы 2021 жылы Бадам ауыл округінде «Standart Petroleum&Co» ЖШС-нің мұнай-химия зауытының ІІ-кезеңін іске қосуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде зауыт қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға жетіп, 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ 2022 жылы 150 адамды жұмыспен қамтитын Бадам ауыл округінен «Metal Giant» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 35000 тонна қапталған темір өндіру зауытының құрылысын аяқтауға жәрдемдеспек. Осы және өзге де жоба-жоспарлар туралы Түркістан облыстық мәслихатына үміткерлер Ерлан Нұрмаханов, Дулат Әбіш пен Амалбек Өміртайдың Бадам ауылы тұрғындарымен кездесуінде әңгімеге арқау болды. Қос үміткер «Бадам» өндірістік кооперативін аралап көріп, кездесу барысында үгіт-насихат парақшаларын таратып, еркін форматта пікір алмасты.

– Бас партия жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 8 азаматқа грант ұсынуға ықпал етеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 2021-2025 жылдар аралығында жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 425-ке жуық азаматтарға 190 грант пен 235 адамға несие алуына жағдай жасауға жәрдемдеседі, – деді Ерлан Нұрмаханов.

Ордабасы ауданының әлеуеті зор. Әсіресе, ауданда мал шаруашылығын дамытып, балық, құс өсіруге мол мүмкіндіктер бар. Ендігі мәселе – аудан азаматтарын өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыру қажет. Осы ретте жылда мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен 200-ден аса азаматты оқыту көзделуде. Бұл өз кезегінде өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерінің көбеюіне сеп болмақ. Облыстық штаб мүшелері мұнан соң Ордабасы ауданына қарасты Теспе, Жеңіс, Бірлік елдімекендерінің тұрғындарымен кездесіп, алдағы 5 жылда партия тарапынан атқарылатын жұмыстарды баяндады. Кездесуде сөз алған тұрғындар еліміздегі зейнет жасының ұзартылуына алаңдаушылықтарын білдірді. Өзге де мәселелер қозғалды. Кандидаттар бұл ұсыныстар жинақталатынын, партия бағдарламасындағы міндеттерді орындау үшін күш салатындарын жеткізді. Ордабасылықтар жетекші партияның бастамаларына қолдау білдірді.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі. Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.