Жаңақорған ауданының 26 ауылдық округіндегі жолдар жөнделеді
Жаңақорған ауданының 26 ауылдық округіндегі жолдар жөнделеді
241
оқылды

Қызылордалық үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары аясында Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылдық округі жастарымен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Геннадий Шиповских, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхаммеджан Рүстемов, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Балқожаев Мәжит Байқожаұлы, Ғалымжан Сопбеков, Серік Мырзабаев, Нұрлат Байкенже қатысты. Үміткерлер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, жастардың және ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жаңақорған Үміткерлер тұрғындар қойған сауалдарға нақты жауап қайтарып, ауылдықтарды алаңдатқан мәселелер шешілетіндігін айтты. Оның ішінде азық-түлік мәселесі де бар. Ауыл халқы үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Осы орайда, партия ауданның тау беткейінде орналасқан елді мекендердің суармалы жер аумағын, жайылымдық жерлер мен егістік алқаптардың кеңейтуді көздеп отыр. Мысалы, 2022 жылға дейін қуаттылығы 24 мың тонна томат пастасын өндіру зауытын салуға, ірі қара малдың санын 70,5 мың басқа дейін арттырып, мал шаруашылығын дамытуға ниетті. Сонымен қоса, 2025 жылға дейін Жаңақорған кентінде сүт тауарлы фермасын, ет өңдеу комбинатын және Қыркенсе ауылдық округінде мал бордақылау алаңын құрмақ. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. Осы ретте Nur Otan партиясы елді мекенішілік және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге күш салмақ. Мәселен, 2021 жылы «Келінтөбе-Қандөз-Көктөбе», «Самара-Шымкент-Аққұм», «Кеңес-Бесарық су қоймасы» автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізсе, 2022 жылы «Келінтөбе-Қандөз» автомобиль жолындағы 7-10 шақырымындағы көпірлерді жөндеуге назар аудармақ. Ал 2025-жылға дейін 26 ауылдық округтегі ауыл ішіндегі жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізбек. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхаммеджан Рүстемов айтты. Үміткерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және Nur Otan партиясына дауыс беруге үгіттеді.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.