Елордада полиция қызметкерлері қараңғыда үйдің есігін бұзып кірді
Елордада полиция қызметкерлері қараңғыда үйдің есігін бұзып кірді
Елордалық полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен оның үш баласын құтқарды, деп хабарлайды  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бүгін таңертең сағат 5.40-та патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Өзен көшесіндегі жеке сектордан түтін шығып жатқанын байқаған. Ол үйдің шатырынан шыққан. Патрульдік полиция полкінің инспекторлары аға лейтенанттар Ерлан Қатаев пен Асан Балтабаев оқиға орнына дереу барып, есікті бұзып, ішке кірген. Өрт пештен шыққан. Түтін бөлмелерге таралып үлгерген екен. Қараңғыда олар ұйықтап жатқан қызды, ал келесі бөлмеден екі ер бала тауып алған. Полицейлер балаларды оятқан. Бөлмеден шыққан шуды естіп, анасы жүгіріп келген. Үйдің өртеніп жатқанынан ол бейхабар екен. Полиция қызметкерлері әйел мен үш баланы көшеге шығарып, қызметтік көліктеріне жайғастырған.
«Барлығы өте жылдам болып кетті. Біз үшін ең бастысы - әйел мен оның балаларын құтқару. Ешкім зардап шеккен жоқ»,- деді Ерлан Катаев.
Эвакуация аяқталғаннан кейін оқиға орнына жедел қызметтер келді. Үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттің арқасында полицейлер әйел мен оның 15, 9 және 13 жасар үш баласын құтқарып қалды. Отағасы полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.