Павлодар қаласында білім алатын студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мир көшесінде жерасты жолы салынбақ. Бұл туралы Павлодар қалалық мәслихаты депутаттығына Nur Otan партиясынан кандидат Қобланбек Қожин хабарлады.
Партиялық 4 қаңтар күні онлайн режимде шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Қашықтан жүздесу кезінде Қобланбек Қожин партияның негізгі міндеттерінің бірі – автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту екенін атап өтті.
– Алдағы бес жыл аралығында облыс орталығындағы 50 көшенің жөнделуі үшін барымызды саламыз. Олардың жалпы ұзындығы – шамамен 80 шақырым. 2021 жылы 10 көше қалыпқа келтіріледі. Олардың қатарында Ледовской, Баян батыр, Гагарин, Донецкая көшелері бар. 2022 жылы – 11, 2023 жылы тағы 8 көшенің жолы жаңарады. Біз партиялықтар ретінде Павлодар педагогикалық университетінің жанында, атап айтқанда Мир көшесінде
жерасты жолының салынуына атсалысып, осы ойды жүзеге асырмақпыз, – деді Қобланбек Қожин.
Қалалық көлік инфрақұрылымының дамуы туралы депутаттықтан үміткер, «Трамвай басқармасы» АҚ басшысы Мүслім Махмудов да айтты. Оның сөзінше, 2023 жылға дейін Ладожская көшесінен әуежайға дейін трамвайдың жаңа жолы салынады.
– Біз 2020 жылы «дыбыссыз қиылыстар» жобасын жасадық. Яғни, рельс-шпалды ауыстырдық. Көлік жүргізушілері бұл жұмыстың нәтижесін байқап, қиылыстардан өтудің қолайлы болғанын айтуда. 2021 жылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын толық қамтып, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жұмысты аяқтаймыз. Жол шаруашылығы мен байланыс желісін жөндеу жұмыстары да жалғасады, – деді Мүслім Махмудов.
Nur Otan партиясының Павлодар облысы,
Павлодар қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.